Жамбылдық палуандар Қуандық Бәкенов атындағы турнирдің жеңімпаздары атанды

0 17

Таразда Қуандық Бәкеновті еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнирдің қорытындысы жарияланды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО спорт шебері, КСРО-ға еңбегі сіңген бапкер Қуандық Бәкенов ұзақ жылдар бойы жамбылдық палуандарды жаттықтырған.

Жамбыл облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасы аталмыш турнирге Қазақстанның бес облысынан және Алматы қаласынан 250 палуан қатысқанын жеткізді.

«Турнир нәтижелері бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды жамбылдықтар жеңіп алды, екінші орынға Қызылорданың спортшылары, ал үшінші орынға шымкенттіктер орналасты. Камран Мехриев, Қуат Айтбай, Димаш Аман, Аян Асанов, Нұрбол Әшім, Тарлас Әшірханов, Сұлтан Қадыркұл, Темірбек Ертілеу, Дастан Нартай мен Ерсұлтан Амантай Жамбылдық командаға 10 алтын медаль алып келді. Сондай-ақ, Жамбыл құрамасы 4 күміс, 12 қола медаль иеленді», — деді Облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Қыдырәлі Жансейітовтің айтуынша, осыдан кейін жамбылдық команда 17 тамыз күні Қызылордада өтетін грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатына дайындықты бастайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.