Таразда этномәдени бірлестік өкілдері күштерін сарапқа салды

0 4

Тараз қаласында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған аймақтағы салтанаттар өз жалғасын табуда. Осы орайда, Тараз-Арена спорт кешенінде облыстық спартакиада өтіп, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері күші мен шеберліктерін сарапқа салып көрді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайыста кір тасын көтеру, үстел теннисі, суда жүзу, қол күресі, дойбы, арқан тартыс сынды спорттың алуан түрінен 200-ге жуық адам қатысты. Бастысы балаларға да өзара кім мықтыны анықтауға мүмкіндік берілді. 10 мен 12 жас аралығындағы жасөпірімдер желдей есіп жүгіріп, желаяқтар анықталды.

Жарыстың нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды поляктар қанжығалады. Екінші мінберден орыс ағайындар көрінсе, қонақжайлық танытқан қазақ бірлестігі қоланы місе тұтты. Алдағы уақытта іс-шараның ауқымын кеңейтіп, бұдан да көп қатысушылар қамтылады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.