Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов жеке құрамға Жамбыл облысының ІІД-нің жаңа басшысын таныстырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен, бұл лауазымға полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды.
А.Оразалиев ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдаған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі істер Академиясының көшбасшылықты оқыту институтында білім алған. (2002 ж.);
Бұрын ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясында аға детектив болып жұмыс атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ КАП арнайы полиция басқармасының бастығы (10.2006-08.2007);
Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары (08.2007-09.2009);
Астана қаласы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары (09.2009-09.2010);
Павлодар облысының ішкі істер департаментінің бастығы (09.2010-09.2011);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция комитеті төрағасының орынбасары (2012 жылдан бастап) қызметтерін атқарған.