Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 8 шілде күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ күтіледі.
Павлодар облысының жекелеген жерлерінде найзағай, 15-25 м/с жылдамдықтағы жел, бұршақ болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Бұршақ, сондай-ақ түнде және таңертең тұман болжанады.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел шаңды дауылмен бірге көтеріледі.
Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.
Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең — найзағай күтіледі.
Күндіз Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Алматы, Атырау облыстарында, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.