Астананың 20 жылдығын еліміздегі ең жаңа облыс – Түркістан өңірі де тойлап жатыр. «Ел жүрегі -Астана» тақырыбымен 532 іс-шара өткізіліп, бірнеше мектеп, тұрғын үйлер мен спорткешендердің құрылысы басталды. Жаңа ғимараттарды өңір шенеуніктері Астананың 20 жылдығына орайластырған екен. Бұл туралы «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ, Түркістан облысында елорданың атауы бір сәтте көбейе түсті. Күнгейлік шенеуніктер оңтүстіктегі бірнеше елді-мекендегі 26 көшені Астана деп өзгертіпті. Тағы бір айта кетерлігі «Елордаға сыйлық» жобасы аясында Түркістан облысы Астанада 5 шақырымнан асатын велотрасса төсеп берді.