Облыста ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 152,7 мың шаршы метрді құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 120,6%-ды құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Сондай-ақ, тұрғын жай құрылысына 12714,4 млн. теңге инвестиция жұмсалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өсті. Оның ішінде жұмсалған қаржылардың көпшілігі 8465,6 млн.теңгесі құрылыс салушылардың өз қаржылары болып табылады.
2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1093 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 988 тұрғын үйлер және 105 тұрғын үйлерге жатпайтын объектілер.
Әлеуметтік-мәдени объектілердің есебінен 990 орындарға 11 мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы іске қосылды.
Өндіріс объектілерінен сүт өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорын жылына 300 тонна, ет және ет өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорын жылына 200 тонна, кептірілген нан, печеньелерді, ұннан жасалған ұзақ сақтауға арналған кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі кәсіпорын жылына 250 тонна, декоративтік және құрылыс тастарын кесу, өңдеу мен әрлеу жөніндегі арналған кәсіпорын жылына 50000 тонна пайдалануға берілді.