Бүгін қалалық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жиын барысында күн тәртібіндегі ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Халыққа Үндеуінен туындайтын міндеттері туралы, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасын сайлау, сондай-ақ, филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгертулер енгізу турасында мәселелер қаралды.
Комиссия мүшелерінің шешімімен «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов тағайындалды.