Сіздерді бүгін яғни, 12-13 шілде күндері Елордамыздың 20 жылдығына орай «Жаңарған Жамбылдан — асқақтаған Астанаға!» атты Жамбыл облысының мәдени күндері аясында өтетін іс-шараларды тамашалауға шақырамыз!
Бағдарламада спектакльдер мен қойылымдар, қасиетті Әулиеатаның өнер шеберлерінің мерекелік гала-концерті, көрермендер үшін көне Тараздан тарту ретінде естелік сыйлықтарға ұтыс билеттері ойнатылады.
Барлық іс-шараларға кіру тегін.
Мыңжылдықтар мұрасы көне қаланың ыстық сәлемін қабыл алыңыздар! Барлықтарыңызды асыға күтеміз. Келіңіздер, көріңіздер!