Астана тұрғындары жамбылдық қолөнер шеберлерінің еңбектерімен танысты

0 5

Бүгін Елордада Жамбыл облысының мәдениет күндері өз жалғасын табуда. Осыған орай, «Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауылда Жамбыл облысы қолданбалы қолөнер шеберлерінің және музейлер қорынан құнды жәдігерлердің жылжымалы көрмесі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Астана қаласынан «Zhambylnews» AA тілшісі.

Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары Жамбыл облысы музейлерінің материалдық және рухани мәдениетінің құнды жәдігерлерімен танысуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, іс шарада ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уəлиев Жамбыл облысының жылжымалы көрмесіндегі қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты.

Көрмеде Тараз қаласының қолөнер мен суретшілерінің қолынан шыққан 50 этнографиялық экспонанттар келген қонақтарға ұсынылды. Атап айтар болсақ, білезіктер, сырғалар, сүйек пен күмістен безендірілген сандықтар, қол дорба, қоржындар секілді бірегей қолөнер еңбектері қойылды.

Еске сала кетейік, Елорда тұрғындары аталған көрмені «Қазанат» қалалық ипподромы аумағындағы Этноауылда бүгін кешкі сағат 18.00 дейін тамашалай алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.