18-шілде күні Байзақ ауданы аумағында ірі жол апаты орын алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодəлізінің 495-шақырымында болған. «Volvo» маркалы камаз көлігімен «Nexia» маркалы жеңіл көліктің соқтығысуынан 5 адам зардап шекті. 4-қайтыс болып, 1 адам аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 1969 жылы туған Алматы облысы, Қарғалы ауылының тұрғынының жарақаты ауыр. Аппарат арқылы тыныс алуға қосылған. Көлік апаты бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.