ҚазҰАУ студенттері Алматыдағы алып тиіннің екінші түрін қалай жасағандары туралы айтып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.
Тиінді жасауға атсалысқан студенттердің бірі оны жасау үшін 230 мың теңге кеткенін жай ғана әзіл деп түсіндірді
Шындығында олар кеткен шығындарды есептемеген. Себебі ешкім қаржы құймаған.
Сонымен қатар, студенттер тиінді арнайы қорғаныс үшін сыртынан ештеңемен қаптамағандарын айтты. Сондықтан да оның қанша уақытқа дейін тұратыны белгісіз.
Ал тиінді құрастыруға кеткен шөпті «Қаскелең» агропаркі берген.
Айта кетейік, желі қолданушыларының назарын аударған алып тиінді алматылық студенттердің өздері жасап шығарған болатын.