Тараз төрінде «Астанадан ақ тілек» атты гала концерт өтеді

0 3

Еліміздің бас қаласының 20 жылдығы құрметіне ауқымды жоба аясында Жамбыл облысында Астананың күндері өтіп жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Осы орайда, бүгін сағат 19.00-де «Баласағұн» концерт залының сахнасында «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді.

Кеш бағдарламасында эстрадалық би, «Шалқыма» халық биі ансамбльдері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, отандық эстрада жұлдыздары — Клара Төленбаева, Күләйым Қайырбаева, Дос, Асқар Жайлаубаев, Di-ArtStyle триосы, Бауыржан Исаев, Ринат Мальцагов және Алмас Кішкенбаев ән шырқайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.