Жамбыл облысының құрметті азаматы Әкім Тарази 85 жасқа толады

0 28

Күзде Жамбыл облысының құрметті азаматы Әкім Тарази 85 жасқа толады. Мерейтойға орай, бүгін Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында облыстың зиялы қауым өкілдері қаламгермен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен кездесу еркін форматта өтті. Жазушы басынан өткен оқиғалармен бөлісіп, естеліктер айтса, ақын-жазушылар қаламгерді мерейтойымен құттықтады.

Айта кетерлігі, Әкім Тарази 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында туған. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін, Мәскеудегі сценарийстердің жоғары курсын бітірген.

Алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1956 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл» (1968), «Асуасу» (1970), «Қиянсоқпақ» (1976), «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Қыз махаббаты» (1982), «Гнездо на облаках» (1984), «Журавли журавушки» (1984), «Басынан Қаратаудың…» (1985), «Кен», «Тәж» (1986) повесть, әңгімелері, романдары жарияланды. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» романы жарық көрді. Сондай-ақ, «Күлмейтін комедия» (1966), «Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш жігіт» (1972), «Қос боздақ» (1985), т.б. пьесалардың, «Тұлпардың ізі» (1984, реж. М. Бегалин), «Арман атаман» (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), «Қарашқараш оқиғасы» (1972, реж. Б.Шәмшиев), «Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденінің иегері (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.