Таразда шомылу бассейндеріне профилактикалық жұмыстар жүргізілуде (ФОТО)

0 16

Тараз қаласында жаз мезгілінде бассейндерде ұялы телефон ұрлығы жиілеп кетуіне байланысты, бүгін ІІД қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Тексеру жұмыстары «Аю тропик» бассейнінен бастау алды. Онда демалуға келген қонақтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік жағдайлары сұралды. Сондай-ақ, келушілерге қауіпсіздікті сақтау мақсатында демалыс орнында ескерту қағаздары жапсырылды.

Сонымен қатар, ескерту жұмыстары «Қарлығаш», «Алнұр» сауықтыру лагерьлерінде өз жалғасын тапты.

Айта кету керек, тамыз айының өтіп жатқан күндерінде ауа райы Жамбыл облысында әлі де ыстық сақталуда. Ыстық күн сәулесімен күйдіріп, адамдар су айдындарынан мәжбүрлі көмек іздеуде. Сонымен бірге бассейндерде және Талас өзенінде демалушылардың саны азайған жоқ. Сонымен бірге, демалушы азаматтар бассейндерде де, Талас және Аса өзендерінде азаяр емес.
Департаменттің ТЖ алдын алу бөлімінің, Тараз қаласы ТЖ басқармасының, аудандық ТЖ бөлімдері және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балаларға және ересектерге судағы өзін-өзі ұстау ережелерін күшейтілген режимде профилактикалық, түсіндіру және әңгімелесу жұмыстарын жүргізуде. Облыстағы бассейндердегі ауқымды рейдттердің жүргізілуі, орын алған қайғылы оқиғалардан балалардың қаза болуы. Қайғылы оқиғалардың статистикалық мәліметтерінің өзі көрсетуде: ағымдағы жылдың басынан бастап 14 қайғылы оқиға, 15 адам суға батып қайтыс болды, оның ішінде 8 бала. Оның ішіндегі жартысы – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар. Шілде-тамыз айларында шомылуға жабдықталған жерлер мен бассейндерде 14 жасқа дейінгі 3 жасөспірім балалар қаза тапты.
Соңғы оқиға Тараз қаласы «Күншуақ» бассейнде шомылу кезінде 2011 жылы туылған бала суға батып каза болды.
Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, есте сақтаңыздар, су қатені кешірмейді! Судағы өлімнің негізгі себептері – азаматтардың қауіпсіздік пен сенімге деген жалған көзқарас. Қауіпсіздік ережелерді өрескел бұзуы және білмеуі, балаларды қараусыз қалдыру, сонымен бірге мас күйінде шомылу қайғылы жағдайға алып келеді. Өздеріңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз!
Leave A Reply

Your email address will not be published.