Жамбыл облысында есірткі дайындаған адам қолға түсті. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлер оны «Көкнәр-2018» жедел алдын алу шарасы кезінде Меркі ауданының құмды аумағынан ұстады. 42 жастағы азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Ол бұрын істі болмаған. Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, аумақты тексеру кезінде орақ пен салмағы 400 келіден асатын кептірілмеген марихуана табылды. Қазір ол өз әрекетін мойындап, уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Жалпы аймақта «Көкнәр-2018» шарасы аясында заңсыз есірткі айналымының 80 дерегі тіркелген.