Жуалы ауданында діни бірлестіктердің отырысы өтті

0 8

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі күні Жуалы ауданында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы болып өтті. Бұл туралы «ZhambylNews»  Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Отырысқа Кеңес мүшелері, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат, білім, спорт, мәдениет, жастар жөніндегі басқарма басшылары, «Зайырлық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері, аудандық діни бірлестік басшылары, мешіт имамдары, жергілікті полиция қызметкерлері және БАҚ тілшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес:

Жуалы ауданы аумағындағы діни ахуал туралы Жуалы ауданының әкімі Бахтияр Көпбосынов, Жуалы ауданы бойынша дін саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және салдары бойынша атқарған жұмыстары туралы Жуалы аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Каипов, аудан көлеміндегі мешіттердегі діни ахуалдың жай-күйі туралы Жуалы аудандық мешітінің бас имамы Н.Әмірбаев және Жуалы ауданының діни ахуалына жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша облыс әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы Сәуле Байбатшаева баяндама жасады.

Жиын соңын Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қорытындылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.