«13 шақырым» деректі фильмі Сербияда өтетін фестивальға қатысады

0 0

Режиссер Владимир Тюлькин түсірген «13 шақырым» деректі фильмі Сербияның Крушевац қаласында қыркүйектің 25-і мен 28-і аралығында өтетін Халықаралық «Рухы биік» («Сильные духом») православиелік фильмдер фестивалінің негізгі бағдарламасына іріктелініп алынды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған туындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірді.

Фильмде Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Қыстаудан өз ауылына қарай бет алған басты кейіпкер өз өмірінің елеулі сәттерін еске алып, өз бойындағы құндылықтарының сырын ашады.

— Фильмнің басты кейіпкері – рухы биік тұлға. Жанарынан айырылса да, қиындықтарға мойымай, өз болашағын ойлайды. Бұл фестивальге сол үшін де ұнаған болар,- деп ой бөлісті фильмнің режисесері Владимир Тюлькин.

«Рухы биік» фестивалі Сербияның православиелік шіркеуі мен Халықаралық православиелік халықтардың бірлігі қоғамдық қорының қолдауымен өткізіледі. Фестиваль бағдарламасына православиелік діні бар елдердің шығармашылық ұжымы түсірген көркем және деректі фильмдер қатыса алады. Сонымен қатар фестиваль шеңберінде тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер, шығармашылық кездесулер мен басқа да іс-шаралар өткізіледі. Фестиальдің іріктеу комиссиясы православие діні тақырыбында, немесе адамдар өмірінің дәстүрлі рухани-адамгершілік аспектілеріне қатысты түсірілген көркем және деректі фильмдерді қабылдайды.

Тюлькин Владимир Викторович – кинорежиссер, ақын. Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі. Еуразиялық Академиясының мүшесі. Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтының түлегі. Сондай-ақ ол КСРО Мемкино жоғарғы курсын (Г.Чухрайдың шеберлігі бойынша) бітірген. Режиссер В.Тюлькиннің шығармашылығында ондаған деректі киносы бар. Оның фильмдері халықаралық белді кинофестивальдерге қатысып, жүлделер алған. Американың телевизиялық «Эмми» сыйлығына үміткер болған («Опыт креста» фильмі үшін, 1997).

Leave A Reply

Your email address will not be published.