Жамбылдықтар Халықаралық автошеруді күтіп алды

0 3

Жамбылдықтар ағымдағы жылдың 18 қыркүйек  күні «Қазақ  хандығының 550 жылдығы» монументінің алдында Қытайдың Жудонг қаласынан шыққан Халықаралық ең ұзақ автошеруін күтіп алды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

«Жасыл энергия жібек жолы арқылы он мыңдаған шақырымды жүріп өту» атты табиғи газбен жүретін техникаларды насихаттау мақсатында автокеруенді Ресей, Қытай және Қазақстанның ірі энергетикалық компаниялары ұйымдастырып отыр.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Куньлунь энерджи» компанияның бас директорының кеңесшісі  Кан Фуань, «ГазПром» ЖАҚ-ның  сыртқы байланыс бөлім басшысының орынбасары Р.Канаев, «КазТрансГаз өнімдері» ЖШС-ның корпоративтік даму және активтерді басқару департаментінің директоры Т.Арыстанбаев, «КазТрансГаз өнімдері» ЖШС-ның  Тараз өндірістік филиалының директоры Е.Ыскаков  сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Әулиеата жеріне ұзақ жолдан жеткен керуеннің құрамында 17 жеңіл және жүк көлігі бар. Барлығы табиғи газбен жүреді. Мамандардың айтуынша мұндағы мақсат метан газын авто-отын ретінде пайдаланудың артықшылықтарын көрсету. Мысалы Қытайда 600 мыңнан аса көлікте газды қозғалтқыш орнатылған. Сондықтан, бұл үрдісті біздің аймақта да дамыту керек. Салтанатты іс-шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары осы бағыттағы жұмыстарды атап өтті.

Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:

— Осы салаға инвестиция тарту үшін республикада оразан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, Қазақстанның батысында өндірген табиғи газды «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырымен еліміздің оңтүстік өңірі толық қамтылды. Артылған газды шетелге шығарып, сату мүмкіндігіне ие болдық. Бұл үлкен жетістік.

Шараға облыстық және қалалық ардагерлер Кенесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени орталықтардың өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық бөлімдердің қызметкерлері, жоғарғы және арнаулы орындарының студенттері, білім беру, денсаулық сақтау  және мәдениет саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.