Евгений Дубовиктің «Я хочу домой!» музыкалық драмасының көшпелі қойылымы өтті

0 3

Жамбыл облысы әкімдігі діни басқармасымен бірлесіп жергілікті драматург Е. Дубовиктің «Я хочу домой!» атты музыкалық драмасымен Жамбыл облысы Ішкі істер Департаменті ЖД 158/7, 158/4, 158/2 қылмыстық-атқару мекемелеріне циклді көшпелі көрсетілімдерді ұйымдастырып өткізуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мақсаты — қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда. Осы тұрғыда театр ұжымы Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру, конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және түзету мекемелерінде сотталушылар бойында радикализмге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында өткізіп отыр.

Бастапқы көрсетілім пьеса авторы мен қоюшы-режиссер: Қ.Р. еңбек сіңірген қайраткері — Евгений Дубовиктің қатысуымен Жамбыл облысы Ішкі істер Департаменті ЖД 158/7 қылмыстық-атқару мекемесінде 20 қыркүйегінде өтті. 

Қойылымның тақырыбы – халықаралық діни қақтығыс. Спектакльдің жанры телевизиалық шоуда жалған діни оқулардың құрбаны болған, замандастарымыздың қайғылы тағдыры, оралмас арманы туралы баяндалады.

Спектакльдің жанрына келсек жастардың санасына кері әсер тигізбей, талқыланып отырған тақырыптың келеңсіз тұстарын жіті түсіндіру мақсатында автор бұл қойылымда музыкалық жанырды қолданған еді. Әрине қазіргі таңда жастардың да талғамы өте жоғары, білімі кеңейген бұл тақырыпта көптеген басқа да мағұлымат алуда. Дегенмен қойылым арқылы діни қақтығыстын құрбаны болған жандардың түрлі тағдырын көріп, өмірден сабақ алуға болатын халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани азушылығымен жіті таныс болады. Сондықтан теориялық ережелерден, жалықтырып жіберетін философиялық немесе ортағасырлыққа тартатын керітартпа ұғымдардан гөрі жастар айтулы тұлғалардың нақты тәжірибесінен сабақ ала отырып, имандылықтың шынайы мәнін танып-түсінуі қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.