Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дәрігерлік амбулатория құру жоспарлануда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V Заңының 44-бабына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дәрігерлік амбулатория құру туралы» жобасына жеке қаржы бастамасына қызығушылық білдіру жөніндегі сұрау салу туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты:
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында біліктілік амбулаториялық-емханалық көмек көрсету, ересектер мен балаларды медициналық көмектің қолжетімді заманауи жоғары технологиялық жүйесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды және халықты диспансеризациялауды жүзеге асыру.
Жобаның міндеттері:
- халықты сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында дәрігерлік амбулатория құру;
- науқастарды қабылдау және көмек көрсету, ауруларды ерте анықтау, уақытылы амбулаториялық тексерулер және ем жүргізу;
- бюджеттік қаражатын оңтайландыру;
- Жамбыл облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар тәжірибесін іс жүзінде іске асыру.
Жобаның мәні :
Жоба шеңберінде дәрігерлік амбулатория қызметін ұйымдастыру үшін оны жабдықтап, жеке меншіктегі нысанды пайдалану арқылы 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құру қарастырылуда.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба жөніндегі шарттың қолданылу мерзімі 3 жыл.
Жобаның институционалдық схемасына сәйкес Жеке әріптес, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның шарты бойынша нысанды мемлекеттік меншігіне береді.
Мемлекеттік әріптес Жеке әріптестің инвестициялық шығындарын өтейді және қолжетімділік үшін сыйақы төлемдерін жүзеге асырады.
Мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке қабылдап алып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанда «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК персоналын орналастырып мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Жеке әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке беруден кейін, нысанды коммуналдық меншікке беру сәттен 3 жыл бойы инвестициялық шығындарды өтеу үшін нысанның құнын 100% мөлшерінде алып отырады.
Жобаның табыстылығын қамтамасыз ету мақсатында, қолжетімділік үшін төлем шеңберінде нысанның сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін сыйақы түрінде Жеке әріптесті қосымша мемлекеттік қолдауды қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Жобаны іске асыру орны
Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы.
Жобаның құны және қаржыландыру көздері
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанның құны «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қарашадағы №725 бұйрығымен белгіленген.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаны қаржыландыру көзі Мемлекеттік әріптес Жеке әріптеске инвестициялық шығындарын өтеу және нысанның сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін сыйақы түрінде, сондай-ақ қолжетімділік үшін төлем шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанның жеке техникалық және экономикалық параметрлеріне қарай ұсынылатын шарлар болып табылады.
Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері
Жобаны іске асырудың жалпы мерзімі – 3 жыл, соның ішінде:
1 кезең (құру) — мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды коммуналдық меншіке беру – 1 ай;
2 кезең (пайдалану) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанды ұстау және қызмет жасау – 3 жыл.
Жоба техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаларға жатпайды.
Әлеуетті жеке әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабы 1-тармағының жалпы біліктілік талаптарына сай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
Жеке серіктесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерге қатысу туралы өтініште мыналар болуы керек:
а) әлеуетті жеке әріптестің атауы және мекенжайы;
б) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;
в) әлеуетті әріптесті танытатын заңды тұлғалардың және тұлғалардың басшылары немесе иелері туралы мәліметтер;
г) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қарашадағы №725 бұйрығына сәйкес әзірленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаның бизнес-жоспары және МЖӘ келісімшарттың жобасы.
«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» КММ осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде балама ұсыныстар қабылдайды.
Хабарламаны ұйымдастырушы: «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы» КММ.
Жауапты тұлғалар:
Махашов Нұрлан Оразқұлұлы, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары.
Руслан Радикұлы, Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.
Жауапты тұлғалардың байланыс деректері:
жұмыс тел.: 8 (7262) 43 44 64, ұялы тел.: 8 701 913 00 59, 8 702 522 25 47, 8 777 093 05 05.