Қырғызстанда Жоғарғы Кеңестің (Парламент) кезектен тыс сайлауына көпмандатты округтер бойынша парламенттік орындарға кандидат ұсыну аяқталды.
Қырғыз Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының мәліметі бойынша, барлығы 589 кандидат ұсынылды, оның 365-сі – ер адам, 224-і – әйел.
Кандидаттарды тіркеу 9 қарашаға дейін жалғасады. Үгіт-насихат науқаны 10 қарашадан басталады.
30 қазандағы жағдай бойынша 168 кандидат тіркелді, 19 азамат сайлаудан бас тартты, ал 7 кандидат тіркеуден өтпей қалды.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесі (Парламент) депутаттарының бастамашыл тобы парламентті өзін-өзі таратуды, содан кейін кезектен тыс сайлау өткізуді талап етті. 25 қыркүйекте парламент өзін-өзі мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылдады.
Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығымен Жоғарғы Кеңес (Парламент) депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы 2025 жылдың 30 қарашасына белгіленді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халыққа жолдауында парламент сайлауын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.
1 қазандағы жағдай бойынша елде 4 287 000 сайлаушы тіркелген және алдағы Жоғарғы Кеңес сайлауына қатысуға құқылы.
Бұған дейін Қырғызстанда парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталуға жақын екенін хабарлағанбыз.
 
			