Әлеуметтік сала қызметкерлері мерекесі тойланды

0 34

Қараша айының 3-ші жұлдызында «№1 Жүйке аурулар интернат үйінде» Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай «Марапат иесі- әлеуметтік қызметкерлер» атты мерекелік іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатта, яғни ұлттық жаңғыруды қолға ала отырып, рухани жаңғырудың жолын көрсетіп қана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт- бағдарын да ұсынды. Осы рухани жаңғыру жолында өз үлесімізді қосу мақсатында интернат аумағына «№51 Бәйтерек бастауыш» партиясының қолдауымен «Шапағат шаңырағы» монументі орнатылды. Осы орайда ашылу салтанатының тізгіні арнайы келген қонақтарымыз Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Мамыралиев Жоратай Аманбайұлына табысталды.

Салтанатты кешімізде, әлеуметтік салада ұзақ жыл қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ардагерлерімізде қонақта болды. Ол кісілерге арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды. Сонымен қоса әлеуметтік салада ереңбей еңбек етіп, барынша ат салысып жүрген мамандар, арнайы құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты:Бұл мереке – өмірін мұқтаж жандарға көмек көрсетуге арнаған жандардың мерекесі екендігін, жұмыстарының күрделігіне қарамай шыдамдылық, білім, тәжірибе және ерекеше дағды қажет екенін көрсете білуді насихаттау.

Концерт барысында көркем өнерпаздар мүшелері дайындаған бағдарламалар мен Жамбыл облыстық филармониясынан келген өнерпаздар кеш қонақтарының көңілінен шығатын әуезді әндер мен меркелік бағдарламаларды тарту етті. Әлеуметтік сала қызметкерлері мен кеш қонақтары ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тамашалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.