Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым әдісін атады

0 0

Ғалымдар он минуттық жаттығудың өзі есте сақтау қабілетін жақсартады деген қорытындыға келді. Аз уақыт денені қыздырудың өзі естеліктерді сақтауға жауапты ми бөліктері арасындағы байланысты нығайтады, деп түсіндірді Ирвайндағы Калифорния университеті мен Жапонияның Цукуба университетінің бір топ ғалымы.

Нейробиологтар томографтың көмегімен аз ғана дене шынықтырудан кейін 36 жас жігіттің ми қызметіне талдау жасады. Нәтижесінде, есте сақтау қабілетінің жұмысына қатысты ми қатпарларының өзара байланысы жақсаратыны анықталды.

Ғалымдар бұл аймақта жаңа жасушалар өсіп шыға ма деген сұраққа жауап іздеген.

«Біз жаңа жасушалар пайда болатынын жоққа шығармаймыз, алайда бұл процесс уақытты талап етеді. Сонымен қатар он минуттық жаттығу бірден нәтиже беретіні анықталды», — дейді Ирвайндағы Калифорния университеті жанындағы оқыту мен жады нейробиология орталығының директоры Майкл Ясс. 

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.