Бүгін «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары — заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында М.Әуезов атындағы кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Кітапханалардың өркениет көшіне ілесуі қазіргі таңда үлкен мақсат, ең үлкен мәселе болуда. Бұл орталық кітапхананы заманауи көп функционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңына айналдыру мақсатында ашылып отыр.
Орталықтың ашылуымен Тараз қаласы әкімі Ғалымжан Әбдірайымов бейнелі Skype арқылы құттықтады.
«Коворкинг» орталығында — әртүрлі тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылып , жаңа басылымдарға дер кезінде шолулар жасалып, насихатталынады.
Сондай-ақ, кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық ашылған. Компьютерлер интернет жүйесіне қосылған, заманауи компьютерлік технологиялар негізінде оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет тегін көрсетіледі және олардың кітапхананың мәлімет базаларымен жұмыс жасауға, авторлық құқығымен сақталатын басылымдарды қарауға мүмкіндіктері бар.