Облыстық филармония 50 жылдығын тойлауда

0 11

Дәл қазіргі уақытта Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдығына орай, «Баласағұн» орталық концерт залында «Ән қанатындағы Әулиеата» атты кітап пен «Әуені әсем Әулиеата» атты CD жинақтың тұсауы кесілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Іс-шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев ашты.

Бүгін ерекше күн! Мына облысымыздағы іргелі қара шаңырақтан қаншама өнерпаздар шықты. Жыл басынан облыс әкімінің қолдауымен бірнеше істер атқарылды. Үлкен тойға филармонияға қатысы бар өнерде, шет елде жүрген бауырларымыз шақырылды. Кенен атамыздың өлеңдері өшпес үшін келесі ұрпаққа қалдыру мақсатында кітап пен диск шығарып отырмыз, — деді Дүйсенәлі Дыбысалыұлы.

Сондай-ақ, құттықтау сөз кезегі арнайы шақыртылған құрметті қонақтар Мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызына, Қазақстан Республикасы Журналистер және жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Кененұлына және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевқа беріліп, құттықтаудан кейін көптен күткен облыстық филармонияның «Ән қанатындағы Әулиеата» атты кітабы мен «Әуені әсем Әулиеата» атты CD музыкалық топтамасының тұсауын кесті.

Салтанатты рәсімде мерейтойға орай филармонияның 50 қызметкері мен әртістер құрамы «Жамбыл облысы әкімінің құрмет грамотасымен», «облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының», «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметі кәсіптік одақ бірлестігінің», «Жамбыл облыстық филармониясының директорының» алғыс хаттарымен марапатталды.

Іс-шара «Әуені әсем Әулиеата» атты мерекелік гала концертпен жалғасуда.

Айта кетейік, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы Тараз қаласында Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1967 жылғы қараша айының 25 жұлдызындағы қаулысы негізінде Жамбыл облыстық кеңесі еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің 1968 жылығы қаулысымен 30 қаңтарда құрылды. Ал 1997 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап облыстық филармония «Баласағұн» орталық концерт залының ғимаратында өз жұмысын жүргізіп келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.