Медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі — Президент

0 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарат Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», — деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ.

Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.