Жамбыл, Байзақ аудандарындағы саяжайлар газбен қамтылады

0 5

Жамбыл, Байзақ аудандарындағы саяжайлар газбен қамтылады. Бұл туралы Жамбыл облыстық филиалының мәжіліс залындағы өткен жиында Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұржан Аблешов айтты, —  деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Аталған аудандардың маңындағы саяжайларды газбен қамту мәселелері қолға алынып жатыр. Жоспар бойынша 28 саяжайда қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп, аяқталу мерзімі 15-ші қарашада деп белгіленген. Осы егжей-тегжейлі  жоспар аяқталғаннан кейін саяжайлардың атауы «жеке тұрғын үй» аталады.

Жиын «Нұр Отан» партиясының Тараз қалалық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жақып Түзелбайұлының қатысуымен өтті.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кезекте тұрған адамдарға 2017 жылдың соңы 2018 жылдың басында 423 адамға жер телімі берілген. Қаланың аумағында бос жер телімдері бар, бірақ ол жерлерде жер кодексінің талабына сәйкес инфрақұрылымдары жүргізілмеген. Қазіргі уақытта олардың жобалау жұмыстары бітті, енді құрылыс жұмыстары жүргізілу керек, — деді Нұржан Аблешов.

Нұржан Аблешовтың айтуынша, Тараз қаласы бойынша 2005 жылдан ағымдағы жылға дейінгі жер телімін алуға кезекте тұрған адам саны 69 600-ге жеткен. Оның ішінде 27 897 адамның құжаттары дұрыс емес. Әсіресе 2005-2007 жылдардағы өтініштер талаптарға сай келмейді.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 586 адам тізімге енген. Оның 225 адам ғана жерге ие болып тұр. Бұл мәселені үшін бағдарлама талабына сәйкес дайын үйлер салынып жатыр. Алдағы уақытта инфрақұрылымдар жүргізіліп, тізімдегі адамдар үй және жермен қамтылады.

Жиын «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асуын Партиялық бақылауға алу, сондай-ақ, партия мүшелерінің ішкі тәртіпті сақтауын бақылау, жарғылық мақсаттар мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын тұрғындар мен ұжымдық ұйымдар қызметкерлерінің арасында түсіндіру және іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.