Мамандар ұзақ жасаудың біз білмеген себебін анықтады. Ол альтруистік принцип екен. Яғни, эгоист болмау деннің саулығына оң ықпалын тигізеді екен.
Альтруизм — басқалардың мүддесі, оларға риясыз қызмет ету жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип. Эгоизмге қарама-қарсы өмір салты.
Альтруистік мінез-құлық ағзалардың эволюциялық даму жолында ерекше орын алады.
Ұғымды мораль теориясына енгізген француз философы әрі әлеуметтанушысы Огюст Конттың пікірінше, альтруизмнің қағидасы — «басқалар үшін өмір сүру». Бұл қоғамды моральдық тұрғыда жетілдіруге көмектеседі.
Альтруизм — басқалардың пайдасы үшін өзін құрбандыққа шалатын мінез-құлық. Марапат пен мадақтау күтпейтін санасыз альтруизм (альтуризмнің бұл түрі барлық түрілерден басым) және саналы, яғни, жауап ретінде өзіне игіліктер күтетін, тек адамға ғана тән түрі.
Зерттеушілер альтруистер денсаулығының мықты болатынын және өзгелер үшін игілікті іс атқарғанда ол нығая түсетінін байқаған. Мысалы, еріктілер бұл іспен айналыспай тұрған кездегі жағдайы әлдеқайда нашар болғанын, уақыт өте өздерін жақсырақ сезінгендерін айтқан.
Дереккөз: Massaget.kz