Бүгін Тараз қаласы күніне орай ел игілігіне пайдалануға беріліп отырған «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясының ашылу рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Тәуелсіздік ұшқыны» алауының ені — 4-те 4 метрді, биіктігі — 4-те 6 метрді құрайды. Ондағы алау оты жалындаған жастардың Тәуелсіздікке деген ұмтылысын, ерік-жігерін білдіреді.
Елбасы өз сөзінде «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі — қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. Сондықтан да Тәуелсіздік – біз үшін қашан да киелі құндылық, асыл қазына» деп айтып өтті.
Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, қала әкімі, зиялы қауым, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты.
«Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясын Тараз қалалық қоғамдық Кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Санат Қонарбаев ашты.