Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ТарМПУ-да жиын өткізді

0 9

Ағымдағы жылы 14 қараша күні Тараз қаласына еліміздің білім министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы келді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қалада ашылған жаңа мәдени нысандарды аралаған министр Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне арнайы ат басын бұрып, білім саласында еңбек етіп жүрген азаматтармен кездесу өткізді.

Жиынға ТарМПУ ректоры Ержан Әмірбекұлы, университет проректорлары мен декандар және бөлім басшылары қатысты. Сонымен қатар, шарада ТарМУ ректоры М.Сарыбеков пен ТИГУ ректоры Е.Саурықовта бой көрсетті.

Министр кездесу барысында алдағы оқу жылында білім жүйесіне енетін тың жоспарлармен бөлісіп, кейбіреуінің белгіленген жүйесін ашып айтты.

Ерлан Кенжеғалиұлының мәлімдеуінше, колледждерді тәмамдаған жас мамандар жұмысқа орналасу үшін немесе білімін жоғары оқу орнында шыңдау үшін міндетті түрде  Ұлттық біріңғай тестілеуден өтуге міндеттеледі. Алғаш болып сыннан 60 мыңға жуық маман өтіп, оң нәтиже көрсеткен. Дәл осындай сынақ оқуды жаңадан бітіргелі жатқан бакалаврларға да тағайындалмақ. Емтиханнан сүрінбей, дипломдық жұмысын қорғап шыққан жас мамандар ҰБТ-ны тапсыра алмай қалған жағдайда асыға аңсаған дипломдарын алмайды. Сыннан сүрінген студенттер университетке қайта барып, білімін жетілдіруге тиісті. Бұл үрдіс 4 жыл білімнің нәтижиесін білдіретін дипломның  маңыздылығын арттырып, студенттің  болашақта біліктілігі жоғары маман боларына кепіл  болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.