Жеке тұлғалар жер, мүлік және көлік салықтары бойынша сұрақтарына жедел жауапты WhatsApp мессенджері арқылы ала алады, деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпарат Агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2018 жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып жүрген сұрақтарына жедел жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы ала алады. Сұрақтарды 8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жолдауға болады. Біз жедел әрі толық жауаптарды беруге тырысамыз» делінген хабарламада.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан білуге болады. Кеден заңнамасының мәселесін қалалық телефоннан «1412», ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмерлері бойынша Call-орталығынан біле аласыз. Бұл нөмірлер экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтимал, не жасауға тырысқан әрекеттері, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тараптарынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдары туралы хабарламаларды арызды қабылдайды.
Салық және кеден заңнамасының мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерінен кеңес беру телефондары kgd.gov.kz ресми сайтының «Біздер туралы» бөлімінің «тұрғындармен жұмыс» бөлімшесінде орналасқан.