Қазақстанның басым бөлігінде қар, қатты жел мен көктайғақ күтіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпарат Агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктер 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгидромет» болжамы бойынша Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және батыс облыстарында қар, қатты жел мен көктайғақ күтіледі.
Мұндай күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Сібірдің үстіндегі терең және белсенді циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың өтуі ке-зінде байқалатын болады. Алайда, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары да жауын-шашынды болады. Мұнда оңтүстік циклонның ықпалымен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар күтіліп, 24 қарашада таулы аймақтарда қатты кар жауып, тұман, көктайғақ және батыс бағыттағы күшті екпінді жел соғады.