Гродеково ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

0 3

Жамбыл ауданы Гродеково ауылындағы  15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория бүгін ел игілігіне берілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызметтің сапасын арттыру, ауылдық жерлерде алғашқы медициналық санитарлық көмектің қол жетімділігі айтылған болатын. Бүгін Гродикова ауылында ашылып отырған жаңа нысан соның бір көрінісі. Өйткені, дәрігерлік амбулатория заманауи құрылғылармен жабдықталған және алғашқы медициналық көмек тұрғындарға қол жетімді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында құрылысы басталған нысанның жалпы құны 34 млн. теңгені құраған. «Таразстрой-2004» ЖШС мердігер компания бар жоғы 6 айда құрылыс жұмысын аяқтап берді.

Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, ауылдың ақсақалы, көпжылдар медицина саласында қызмет еткен  Төрегелді Үсіпбеков мен аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Сұлтанова тұрғындарды құттықтап, жаңа амбулаторияның кермесін қиды.

— Біздің амбулаторияда 21 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 3 дәрігер, 6 жалпы дәрігерлік медбикелер, акушерлер, кіші медбикелер. Бұл жер 15 келушіге арналған.  Біз балғашқы медициналық көмек, акушерлік көмек көрсетеміз, — дейді аға дәрігер Гүлмира Рахымбердиева.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жамбыл облысында 41 нысан ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілуде. Оның 32-і медициналық нысан болса, 2-і полиция бөлімшесі,7-і жекеменшік балабақша.

Leave A Reply

Your email address will not be published.