Таразда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтіп жатыр

0 1

Дәл қазір Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде 1-желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтіп жатыр. Шараның мақсаты-еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы туралы мәлімет беру. Жастарды Отансүйгіштікке, азаматтыққа тәрбиелеу, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы-еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан орасан үлесіне тоқталды.

— Ширек ғасырдан асып отырған Тәуелсіздік тарихқа көз жүгіртетін болсақ Тұңғыш Президент Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің еңселі болуының қайнары болды. Бүгінгі жетістіктерге жету үшін елмен біте қайнасты. Тұңғыш Президент елімізді дамудың даңғыл жолына салды. Халықаралық аренаға паш етті. Әлемдегі беделін көтеріп, орнын айқындады. Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің саясаты, экономикасы, әлеуеті жаңаша сипатқа ие болды. Еліміз бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылық пен татулықтың киелі ордасына айналды. Тұңғыш Президент бастамасымен Қазақстан әлемде алғаш болып жойқын қарудан бас тартып, халқымызға азап арқалатқан Семей ядролық палигонын жапты. Осылай Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке зор үлес қосып, теңдесіз өнеге көрсетті. Әлемнің басты мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Шекаралар айқындалып, бекітілді. Тәуелсіз Қазақстан БҰҰ, ЮНЕСКО, басқа да ірі   халықаралық қауымдастықтардың толыққанды мүшесі болып, мемлекетіміздің мәртебесі көтерілді. Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Ислам ынтымақтастық ұйымына да абыроймен басшылық жасады. Осындай ерен еңбектің басында елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көрегендігі тұрды, — деді аймақ басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.