Алматылықтар көшелердің бірінен Иосиф Сталиннің ескерткішін суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, «Колоесс» Мәдениет үйінің маңына қойылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған. 5 желтоқсанда ескерткіш болмаған.
«Ескерткішті бүгін түнде қойды, кеше болмаған. Тастан жасалған немесе плита жабылған, қоршауы бар. Сипаттамасы жоқ, Сыртқы келбетінен оның Иосиф Виссарионович Сталин екенін көруге болады», — деп жазды Вячеслав есімді жергілікті тұрғын.
Ер адам өткен-кеткен жұрттың ескерткішті суретке түсіріп, таңғалып жатқанын айтып отыр.
Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша орнатылғанын және оның фильмнің декорациясы екенін хабарлады.
«Эвакуация» фильмі, «Қазақфильм» түсіріп жатыр, режиссері Фархад Шарипов. 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы. Ескерткіш пенопласттан жасалған, 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады», — деді әкімдіктегілер.