Жамбылдық жастар облыстық онлайн байқауында бақ сынады

0 2

Тараз қаласындағы №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында «#BestвидеоТуғанөлке» облыстық онлайн байқауының марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Салтанатты шара барысында байқауға қатысушы оқушылар мен колледж студенттерінің үздік видеолары көрсетілді. Сайыс шарты бойынша облыс колледжерінің студенттері мен мектеп оқушылары туған өлке тарихы туралы қызықты видеоларын #BestVideoTуғанөлке хэштегімен YouTube видеохостингіне жариялау керек болатын. Ең көп лүпіл жинаған видео жеңімпаз атанды.

Байқаудың қорытындысы бойынша І  орынды Қордай ауданындағы №23 орта мектебінің 9 сынып оқушылары Жанерке Жанерке, Салтанат Есеналиева, Айгерім Қалабаева жеңіп алды. Ал жүлделі ІІ  орынды Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттері Жасұлан Бейсени, Аяжан Сұраншиева және Шу ауданындағы Жайсан орта мектебінің 7 сынып оқушылары Шұғыла Аманғали, Алтынай Мүбәрәк иеленсе, ІІІ орынды Байзақ ауданындағы №4 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Анель Базарханова, Абзал Жұманазаров, Шу ауданындағы Ж.Баласағұни орта мектебінің 10 сынып оқушылары Бибіжар Бимағамбет, Бибінұр Шәміл және Жамбыл медициналық колледжінің 2 курс студенттері Диана Маулен, Зарина  Касымова қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздарын облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады.

Сондай-ақ, бірқатар қатысушылар «Жас зерттеуші», «Үздік контент» номинациясының иегері атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.