1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы өсті

0 1

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласындағы 191 мың қызметкердің жалақысы көтерілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру аясында барлық мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан, денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының 191 мың жұмысшының жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтерді.

Бұл тұрғыда 17 мыңы — азаматтық қызметшілерге жататын мемлекеттік ұйымдардың және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшылары, сондай-ақ 174 мыңы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.