Тараз қаласының мөлтек аудандарында рейд жүргізілді

0 2

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі және Төтенше жағдайлар басқармасы, сондай-ақ Жамбыл облысы Әкімшілігімен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, техникамен арнайы шығып, Тараз қаласының мөлтек аудандары мен тұрғын үй алаптарын аралады. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Шара барысында бетон плиталар, түрлі бөгеттердің жөнсіз қойылғандығы анықталып, төтенше жағдай кезінде арнайы техниканың өте алмайтындығы анықталды.

Мұндағы мақсат соңғы кездері Тараз қаласының мөлтек аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлерде өрт оқиғалары өрши түскендігі анықталған. Осындай өрттердің алдын алу бойынша әрекет ету барысында мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімшелеріне мөлтек аудандардағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы жолдарда орналасқан бөгеттер (бетон плиталар, жолға қағылған темір қазықтар және т.б.) кедергі келтіруде. Атап айтқанда бұл жағдай өрт сөндіру автокөліктеріне өрт орнына қысқа жол арқылы жедел жетуіне кедергі тудырады және өрт сөндіру автокөліктерінің айналып баруына байланысты әрекет ету уақытын ұзартады. Бұл өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп келтіруі және үлкен материалдық шығынға алып келуі ықтимал.

Тексеріс нәтижесінде Тараз қаласы 7-ші мөлтек ауданында арнайы қызмет күштерімен жалпы алғанда алты түрлі бөгеттер алынды. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасатын болады .

Leave A Reply

Your email address will not be published.