Тараз қаласы әкімі халық алдындағы есебін қорытындылады

0 3

Бүгін қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 2018 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындары алдындағы есебін берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, өңірдегі зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен журналистер қатысты. Бұған дейін 11 округте өткен тұрғындар алдындағы есепті кездесулерде 2018 жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, талқыланған болатын.

Бүгінгі бас қосуда, өткен жылы істелінген жұмыстар туралы қысқаша айтылып, негізінен биылғы жылы атқарылатын жұмыстар мен өзекті мәселелер жөнінде баяндалды.

Ағымдағы жылы өңірде 5 спорт кешені салынып, «ақылды жарықтандырумен» қамтылады. «MART» сауда ойын-сауық орталығының құрылысы толық аяқталып, наурыз айында іске қосылуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы мектептерді компьютерлермен қамтуды 70 пайызға жеткізу мен жобалық сметалық құжаттамалары аяқталатын «Бурыл» тұрғын алқабындағы 140 орын, «Барысхан» тұрғын алқабындағы 280 орынға арналған балабақшаларды да мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы іске асыру жоспарланып отыр.

Жиын соңында әкімге тұрғындар тарапынан сұрақтар мен өтініштер айтылды.

Тұрғындар автобустардың жүру кестесі дұрысталса, алаңшаларға жөндеу жұмыстары жүргізілсе және көп балалы аналарға үй берілсе, жаз мезгілінде ыстық су болса деген өтініштер айтты. Бұған қоса, тұрғындар әкімге өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар үшін алғысын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Ал, әкімдік жиында айтылған өтініштердің бей жай қалмайтынын, қазіргі таңда қарастырылып жатқандығын жеткізді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.