Бүгін қайырымды жандардың қолдауымен Шу қаласы, Сәтпаев көшесі, Достық сауда үйінің 2 қабаты, №34 бутигінде «Аялы алақан» атты әлеуметтік дүкен ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Клара Қожағаппанова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Қарғабаев және «Сауда Сервис» ЖШС директоры Лыткин Владимир арнайы келіп, лентасын қиды.
Сондай-ақ, дүкеннің сөрелерінде кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен киім – кешек, аяқ – киім, балалар ойыншықтары қойылған. Бұған қоса, азық – түліктер және тұрмыстық қажеттілікке керекті заттар да бар.
Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналар аталмыш дүкеннен керекті заттарын алуына мүмкіндіктері бар.
Айта кетейік, дүкен аптаның бейсенбі және жексенбі күндер аралығында сағат 10.00 ден – 15.00 – ге дейін жұмыс жасайды.