Жамбыл облысында спорт саласында қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша индикаторлар белгіленді. Өңірде спорт нысандарын салу картасы әзірленді. Нормативті ескере келе, 3 жылға 81 спорт нысанын соғу жоспарланды. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзаxметов дәл қазіргі уақытта өтіп жатқан есеп жиынында айтты, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған нысандардың ішінде 28 спорт кешені (Тараз қаласында 4, аудандарда 24), 51 спорт алаңшасы (Тараз қаласында 22, аудандарда 29), 2 спорттық манеж (Тараз қаласында жеңіл атлетикалық және гимнастикалық манеждер) және 3 нысанды қайта жаңғырту (Тараз қаласындағы «Жастар стадионы», Жуалы ауданындағы 2 спорт зал).
Спорт мекемелері жалға алып отырған нысандардың құны қайта қаралып, 92 млн. теңгеге жыл сайын үнемделетін болады.