Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында өлім-жітім көрсеткіштері республикалық орташа көрсеткіштен төмен. Оның ішінде нәресте, ана өлімі де азайып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзаxметов дәл қазіргі уақытта өтіп жатқан есеп жиынында айтты, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Өткен жылы барлық медицина ұйымдары 100% компьютермен жабдықталып, интернетке қосылды. Медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге барлық медициналық ұйымдар көшті. Ақпараттық жүйелерге 774 мың адамның электрондық денсаулық паспорты енгізілді. Биыл 100% болады. Есепті кезеңде 39 медициналық нысандар соғылды, оның 29 жекеменшік пен әріптестік аясында. Алдағы 1,5 жылда қалып отырған 60 елді мекенді алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандармен толық қамтимыз»,- деді аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін санитарлық авиация мен облыстық жедел жәрдем стансасы құрылды, 27 арнайы автокөлік сатып алынды.
Қызмет сапасын көтеру үшін биылдан бастап барлық емдеу ұйымдарының жұмысын бағалайтын арнайы жүйе енгізілмек.