Таразда тұрғын үйде газ жарылды: қауырт желі іске қосылды

0 16

Жамбыл облысы үшін қауырт желі телефондары іске қосылды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таңғы сағат 6:15-те Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болған болатын. Төтенше жағдай 9-мөлтекауданда орналасқан №62-үйде орын алған. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің бір кіреберісінің 1,2,3 қабаттары құлаған. Қазірге дейін қирандының астынан 7 адам шығарылып, 5-і ауруханаға жеткізілді, 2 адам қайтыс болған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы 85 адам мен 5 техника жұмыс істеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.