Жамбыл облысы әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы лауазымына Балабек Нарбаев тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Нарбаев Балабек Жанбекұлы 1963 жылы желтоқсан айының 27-ші жұлдызы күні, Жамбыл облысы, Жамбыл қаласында туылған, ұлты – қазақ, білімі жоғары. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған Балабек Жанбекұлы бірнеше мекемелерде басшылық қызметтерді атқарып, 2012 жылдан бастап Тараз қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.
Ел мүддесі жолындағы қызметі үшін 2013 жылы желтоқсанда «Ерен еңбегі үшін» (За трудовое отличие) медалімен, «Отан алдындағы қызметі үшін» орденімен, «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының «Құрметті депутаты» атағы (2015ж) марапатталған.
Отбасылы, 4 баласы бар.
Айта кетейік, бұған дейін 2016 жылдың 10 қарашасынан бастап Сарысу ауданының әкімі қызметін атқарды.