Жамбылдықтар «Береке» күнін атап өтуде

0 6

Бүгін Жамбыл облысы «Береке» күні атап өтуде. Осы орайда,  қаланың Қант зауыты, «Құмшағал» ауылында, Сатпаев көшесіндегі коммуналдық базарда төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандатылған бағамен қойылған. Қаладағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және өңдеуші 15 кәсіпорындар өздерінің тауарын ұсынып отыр.

Жәрмеңкеге жалпы құны 15,0 теңгені құрайтын 59,9 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Оның ішінде 1,5 тонна сүт өнімдері, 2 тонна шұжық өнімдері, 3 мың дана жұмыртқа, 1 тонна қарақұмық, 1 тонна күріш, 5 тонна қант, 1,5 тонна өсімдік майы,0,5 тонна балық, 0,5 тонна бал, 0,3 тонна кондитерлік өнімдер мен 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,1 тонна тұз, 0,5 тонна кептірілген жеміс және 5,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Сондай-ақ, бүгінгі жәрмеңкеде қаланың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, сауда орындары төлемақысыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайызға төмен болуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.