Мәжіліс эколокия, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасын мақұлдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау үшін Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасы мақұлданды. Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша кандидатураны премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжіліс комитетінің мүшелері кандидатқа бірқатар сұрақтар қойды.
Талқылаудан кейін қорытынды қабылданды, онда «премьер-министр ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтің кандидатурасын комитет экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсыну мүмкін деп санайды» делінген.