Жамбыл облысында түрмеге телефон лақтырған тұтылды

0 1

Тараздағы түзеу мекемелерінің біріне белгісіз затты лақтырмақ болған азамат бүгін қолға түсті. Заңбұзушылық ЖД-158/7 мекемесінде орын алған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түс ауа абақты маңайын торуылдап жүрген күдікті көзге ілінді. Жедел-режим тобы бақылауды күшейтіп, қажетті іс-әрекетке көшті. Амалын асырғысы келген азамат көп ұзамай биік қоршауды асырып беймәлім затты ішкі күзет аумағына лақтырады. Жапсырмамен қара түстес пакетке маталған түйіншек өндірістік аумаққа бағытталған. Тәркіленген зат анықтала келе ішінен ұялы телефон табылды. Бұзақы оқиға орнында құрықталса, әккі ісі толықтай бейнебақылауға түсіп қалған.

Жазасын өтеуші сотталғанға жасырын түрде көмектесіп, қатаң тиым салынған дүниелерді ішкі түрме аумағына алып өтпек болған 59 жастағы Тараз қаласының тұрғыны. Бұған дейін де істі болған С.А.Т атты ер-азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің талаптарына кереғар әрекеті үшін 481 бапқа сәйкес жазаға тартылмақ. Осыған орай, істі сотқа жолдау мақсатында қажетті құжаттар рәсімделуде. Ал ұялы байланыс құралдарын сұратқан сотталған анықталып, қылмыстық-атқару жүйесінің кодексіне сай тиісті жазаға тартылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.