Тұрар Рысқұлов ауданында КВИ індетінің алдын алу шаралары күшейтілген

0 8

Тұрар Рысқұлов ауданы  аумағында коронавирус індетін жұқтырған науқас тіркелмеген. Облыс орталығындағы инфекциялық ауруханада 1 азамат, провизорлық бөлімде 2 азамат жатып тексеріліп шықты. Бүгінгі күні 10 адам үй жағдайындағы карантинге алынған,- деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ауданда 10 адамнан тұратын ақпараттық топ жұмыс істеуде. Жедел штаб бойынша арнайы чат құрылып, оған 240 адам қосылған, чатта ауданның барлық мекеме басшылары қамтылған.

Коронавирус дертінің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс күшейтілген, 3 брендмауэр даярланып, 15 банер ілінді, аудандық газетке 35 мақала жарияланды. Облыстық телеарнада 7 сюжет, ақпараттық сайтта 12 материал жарық көрді. Аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 280 ақпараттық пост салынды. Оның ішінде атқарылған жұмыстар туралы 145, 143 видео, 30 хабарлама бар.

Ақпараттық-насихат жұмыстарына 15 округтен 200-ге жуық ерікті жастар тартылып, 5 рет жадынама, ақпараттық парақша таратылып, 2 рет ғимараттарға талап ережелер ілінді. Еріктілердің қатысуымен 3 акция, 2 іс-шара өткізілді. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Жалпы аудан бойынша 526 нысан бақылауға алынған: білім беру нысандары-67,  денсаулық сақтау нысандары-35, спорт нысандары-162, мәдениет нысандары-53,  ғибадат нысандары-35,  сауда нысандары-95,  тамақтану нысандары-32, көлік жуу,көлік жөндеу нысандары-22, пошта-19,  ХҚКО-1, лагерь-1, демалыс орындары-4.

Аудан аумағындағы барлық халық көп баратын қоғамдық орындар мен нысандарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Мекемелер ЖК-мен келісім шартқа тұрып, жұмыстарын бастап кетті. Вокзал, ХҚКО, АОА, Пошта, Банк, аудандық және ауылдық округ т.б. ғимараттары мен аумағына күнделікті дезинфекциялау шараларын жүргізуде. Аудан әкімдігі аппараты аудан аумағындағы қоғамдық орындарға дезинфекциялау үшін 5 млн.436 мың тг қаражатқа «Құлан мал дәрігер» мекемесімен келісім шарт жасады. Одан бөлек «Таза су-2014» мекемесі Құлан ауылының басты көшесіндегі қоғамдық орындарға күніне 2 рет дезинфекциялау шараларын жүргізуде.

1 млн 312 мың теңгеге антисептик құралдары алынса, 612 000 теңгеге мемлекеттік қызметшілерге көп реттік бетперде тігілді.
Жаттығу жұмыстарын жүргізетін спорт нысандарының, мектептер мен қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жұмысы толығымен тоқтатылды. Аудан көлеміндегі 12 мейрамхана, тойхана және 95 сауда үйі, дүкендер, 32 тамақтану орындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ескерту жұмыстары жүргізіліп, жұмыс істеу уақытын шектеу мәселесі ескертілді.
Ауылдық елді мекендер және аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көліктерде дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, бұл жұмысқа жауапкершілікті «Құлан Логистик» ЖШС-і атқаруда. Орталықта 8 автокөлік пен ауылдарға қатынайтын 6 автокөлік сағат сайын залалсыздандырылуда.

Әкімдік аудандағы Луговой темір жол станциясының дайындығын 3 рет тексерді. Қазіргі уақытта барлық сақтық шарасы талапқа сай, әр поезд келіп-кеткен соң дезинфекциялау шарасы жүреді. Антисептик қойылған, тек тепловизор қарастырылмаған. Осыған байланысты бүгінгі таңда «ҚТЖ» облыстық филиалына сұраныс берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.