Тұрар Рысқұлов  ауданы аумағында 3 блок-пост қойылған

0 0

Тұрар Рысқұлов  ауданы аумағында 3 блок-пост қойылған. Барлығы электр жарығымен, бейнебақылау камераларымен, санитарлық, тұрмыстық керек-жарақтармен  жабдықталған,- деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Посттарға арнайы бетон блоктар қойылып, сырланған. 6 маман кезекшілікте тұрса, аудандық полиция бөлімінің 2, аудандық орталық аурухананың 2, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының 1 қызметкерімен қоса 1 ауылдық округтің мамандары тиісті талаптарды меңгерген, тексеру, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аудан аумағында көпшілік пайдаланатын жеке такси қызметіне шектеу қойылды. «Луговой-Құлан» аралығындағы маршрут қысқартылды.

Барлық 15 округте карантиндік ереже енгізіліп, талаптары қатаң бақылауда. Учаскелік полиция қызметі мен жергілікті атқарушы органдар рейд жүргізуде. Есепті мерзімде ТЖ талабын бұзған ойын-компьютерлік орталықтың жұмысы анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Аудандық прокуратура мен полиция бөлімі тарапынан түсіндірме жұмысы жүргізіліп, аудан прокурорының хабарламасы таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.