Сарысу ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтуде

0 1

Сарысу ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтуде , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қоғамдық қабылдаулар күрмеулі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты – билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу.

Іс-шара билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу, кеңестер беру, ақпараттандыру мақсатын көздеді. Қабылдауға Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек, ішкі саясат, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту, құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту,экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары,аудан прокуроры (келісім бойынша); аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімшесі басшысы (келісім бойынша) және басқа аудандық құрылымдар қатысты.
Ізгі шара аясында Саудакент ауылының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.

Айта кетейік, көшпелі қоғамдық қабылдау билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындарының көтерген әртүрлі өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен қажетті жауаптарын ала-алды.

Сарысу ауданы Саудакент ауылында көшпелі қабылдауға түске дейін 17 азамат қабылданды, оның ішінде 2 қанағаттандырылды, 14 түсіндірілді, 1 бақылауға алынды.
Жиында қойылған сұрақтардың бәрі хаттамаға түртіп алынды. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Дәл мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын тауып, басқа да ауылдық округтерде өткізілетін болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.